Қазақстан коронавирус науқастар бойынша алдыңғы қатардағы үштікке енді
Қазақстан коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша ТМД-да ІІІ-орында, деп хабарлайды zakon.kz.
Джонс Хопкинс университетінің онлайн-картасындағы мәлімет бойынша, АҚШ коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша І-орында, КВИ-ді 3 576 156 америкалық жұқтырған. ІІ-орында Бразилия тұр, онда 2 012 151 адам ауырған. Үндістан 968 876 жұқтыру жағдайымен ІІІ-орынға жайғасқан.
Әлемдегі жағдайлардың жалпы саны - 13 767 548 адам, оның ішінде 7 687 152 адам емделді, 589 211 адам қайтыс болды.
ТМД елдерінің ішінде ауруды ең көп жұқтырғандар саны бойынша алғашқы ондыққа Ресей кіреді: 751 612 жұқтырған. Одан кейін, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен Беларусь елі тұр: 65,623 (Әлемдік тізімде 29-шы орында тұр). Одан кейін Қазақстан - 65 188.
Алайда, 17 шілдеде таңертең шығарылған науқастар туралы статистикалық мәліметтерге сәйкес, республикамызда КВИ жұқтырғандар саны 66 895-ке жетті, олардың ішінде 40 256 адам емделіп, жазылды, 375-і қайтыс болды.