Елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2000-нан асып кетті
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 30 науқас тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 8, Алматыда – 2, Қостанай облысында – 7, Маңғыстау обылсында – 2, Павлодар облысында – 3, Жамбыл облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 2.
Бүгінгі таңда жалпы республикамызда коронавирус жұқтырған науқастар саны 2025-ке жетті: оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 401, Алматыда - 680, Қарағанды облысында - 101, Ақмола облысында - 83, Атырау облысында - 82, Жамбыл облысында - 76, Шымкент қаласында - 103, Шығыс Қазақстан облысында - 11, Алматы облысында - 55, Ақтөбе облысында - 27, Солтүстік Қазақстан облысында - 30, Павлодар облысында - 37, Маңғыстау облысында - 16, Қызылорда облысында - 151, Батыс Қазақстан облысында - 72, Түркістан облысында - 66, Қостанай облысында - 34 адам.