Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Сурет: Х/AlbertoRodNews
2026 жылғы 28 қаңтарда Колумбияда Кукута – Оканья бағыты бойынша ұшып шыққан Beechcraft 1900 маркалы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қоса алғанда 15 адам, оның ішінде 13 жолаушы болған. Колумбиялық The City Paper газетінің мәліметінше, барлығы қаза тапқан.

Әуе кемесінің қалдықтары Ла-Плайя-де-Белен муниципалитетінің таулы аймағынан табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың арасында Колумбия Конгресінің Өкілдер палатасының депутаты Диоген Кинтеро және депутаттыққа үміткер Карлос Сальседо болуы мүмкін.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жер бедерінің қолжетімсіздігі мен қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты қиынға соқты. Қазіргі уақытта әуе апатының себептері тергеліп жатыр.

Бұған дейін Радардан жоғалып кеткен ұшақ қалдықтарының Индонезиядағы шың басынан табылғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін