"Крокустағы" теракт: прокурор сотталушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Сурет: wikipedia
Мәскеуде 2026 жылдың 16 ақпанында прокурор "Крокус Сити Холлдағы" терракт ісі бойынша сотқа тартылған 19 адамның 15-іне өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новостидің хабарлауынша, сотталушылар орындығында 19 адам бар, олардың 13-і тікелей терроризм бабы бойынша айыпталуда. Қалған айыпталушыларға қатысты террористік әрекетті насихаттады деген айып тағылды.

"Екі ағайынды және олардың әкесі Исломовтардан, сондай-ақ Әлішер Қасымовтан басқасының барлығына өмір бойына жаза кесу сұралды", - дейді агенттіктің дерек көзі.

Сот талқысы жалғасуда, түпкілікті шешім тараптардың жарыссөздері аяқталғаннан және істің барлық материалдары зерделенгеннен кейін шығарылады.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 22 наурызында концерт залында болды. Мұнда камуфляж киген адамдар баса-көктеп кіріп, автоматтан оқ жаудырған. Қарулы шабуыл кезінде 145 адам қаза тапты.

2024 жылдың маусымына қарай 1,7 мыңнан астам адам іс бойынша жәбірленуші деп танылды.

2025 жылдың қаңтарында Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холлдағы" шабуылға байланысты шетелдіктер үшін 7,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын талап етті.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі