Ауғанстанда "күнә құралы" деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді

Сурет: pixabay
Ауғанстанда Парван провинциясы тұрғындарынан тәркіленген 500-ден астам музыкалық аспап жойылды. Бұл шараны Ізгілікті насихаттау және жамандықтан тыю министрлігінің қызметкерлері жүргізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pajhwok Afghan News агенттігінің мәліметінше, аспаптар мен өзге де заттар бір жыл ішінде түрлі іс-шаралар барысында тәркіленген. Кейін олар жергілікті билік өкілдері, барлау құрылымдарының қызметкерлері және басқа да ресми тұлғалардың қатысуымен көпшілік алдында өртелген.

Провинциялық департамент басшысы Мақбұл Ахмад Вакас тәркіленген заттар салтанатты жиындар мен рәсімдерде қолданылғанын айтып, билік оларды шариғат талаптарына қайшы деп санайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, музыкалық аспаптарды жою "жамандықтан тыю" науқанының бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ тұрғындарды мұндай заттарды пайдаланудан бас тартуға шақырды.

Бұған дейін Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының билігі жаңа Қылмыстық кодексті ресми түрде қабылдағаны хабарланған еді. Бұл шешім құқық қорғау ұйымдары мен халықаралық қауымдастық тарапынан сынға ұшыраған болатын.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды