Зеленский Трамппен өткен келіссөздер жайлы айтып берді

Сурет: Telegram/Zelenskiy
Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен келіссөздерінің қорытындысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зеленскийдің айтуынша, 25 ақпанда өткен 30 минуттық әңгіме барысында тараптар Женевада өтетін кездесуде украин және америкалық делегациялар талқылайтын мәселелерді пысықтаған. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.

"Біз ертең Женевада екіжақты кездесуде өкілдеріміз талқылайтын мәселелерді, сондай-ақ наурыз айының басында толық құрамда үшжақты форматта өтетін келесі келіссөздерге дайындықты сөз еттік. Бұл кездесу көшбасшылар деңгейіндегі келіссөздерге көшуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Президент Трамп мұндай іс-қимыл ретін қолдайды", – деді Зеленский.

Осылайша, АҚШ, Ресей және Украина арасындағы үшжақты кездесу алдын ала наурыздың басына жоспарланған. Алайда оның нақты өтетін орны әзірге жарияланған жоқ.

Сондай-ақ Зеленский телефон арқылы өткен келіссөзге АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер қатысқанын атап өтті.

Бұған дейін Ұлыбритания 25 ақпаннан бастап туристік және қонақ визасының жаңа түрін енгізгенін жазғанбыз.

АҚШ
Зеленский Владимир
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты

АҚШ-тың Қазақстан тауарларына енгізген жаңа баж салығы: Сауда министрлігі түсініктеме берді