Иран бірнеше елдерге қатысты әуе соққылары туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: видеодан алынды
Иранның сыртқы істер министрлігі Тегеранның Кипрге, Түркияға немесе Әзірбайжанға шабуыл жасамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иранның қарулы күштері Кипрге, Түркияға немесе Әзірбайжанға шабуыл жасаған жоқ, деп мәлімдеді Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Багаи.

"Әзірбайжан, Түркия және Кипрге қатысты келетін болсақ, қарулы күштердің Бас штабы (Иран – ред.) Иран аумағынан немесе қарулы күштер тарапынан зымырандардың ұшырылмағанын анық және ресми түрде мәлімдеді", - деп "РИА" Иран СІМ баспасөз хатшысының сөзін келтіреді.

Сондай-ақ Багаи АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары "біздің мұнай сынды байлығымызды заңсыз иемдену мақсатында елді бөлшектеуге" бағытталғанын айтты, деп жазады Al Jazeera.

Ол шабуылдардың кейбірі "қасақана жасалған" болуы мүмкін деп болжайды.

"Біз жаудың біз бен басқа елдердің арасына іріткі салу үшін белгілі бір шабуылдар "ұйымдастыруы" мүмкін екенін бірнеше рет ескерттік".

СІМ өкілі Иранның аймақ елдерімен "достық қарым-қатынасты сақтауды талап ететінін" де жеткізді.

Дегенмен, ол басқа елдердің аумақтары Иранға қарсы шабуыл жасау үшін пайдаланылса, Иранның "өзін-өзі қорғауға құқығы" бар екенін де айтты.

"Біздің өзін-өзі қорғау әрекетін осы елдердің ешқайсысына қарсы дұшпандық әрекет ретінде түсіндіруге болмайды", - деді ол.

Бұған дейін Ирандағы ядролық нысан әуе соққылары салдарынан қатты зақымданғанын жазғанбыз.

Әзірбайжан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті