Ерлі-зайыптылар алты баласын жылдар бойы аштықта ұстап, жәндіктер жеуге мәжбүрлеген

Фото: freepik
АҚШ-та ерлі-зайыпты жұп алты баласына ұзақ уақыт бойы қатыгездік көрсеткені үшін айыпталды. 38 жастағы Кейси Кано мен 35 жастағы Мэри Кано балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасап, оларды тамақтан қағып отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, ерлі-зайыптыларға бірнеше эпизод бойынша қатыгездік көрсету, ата-аналық міндеттерін орындамау және кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту фактілері бойынша айып тағылған.

Прокурорлардың айтуынша, 2018–2022 жылдар аралығында балалар белдікпен ұрып-соғылған. Олардың денесінен көгерген іздер мен қан кету белгілері анықталған. Сондай-ақ оларды бірнеше күн бойы тамақсыз қалдырған жағдайлар болған.

Балалардың өздерінің айтуынша, аштықтан олар көгерген тағамды, жәндіктерді, иттің жемін және шөп жеуге мәжбүр болған. Кейбір жазалау түрлері қорлау әрекеттерімен қатар жүрген.

Оқиға болған кезде балалардың жасы бір мен тоғыз жас аралығында болған.

Бұған дейін Қырғызстанда қазақстандық әйелдің діни және моральға қайшы рәсімдер үшін балалар сатып алғаны туралы хабарланған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін