Италияда танымал UFC спортшысын тонап кетті

Сурет: Instagram/islam_makhachev
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы әрі P4P рейтингінде бірінші орында тұрған ресейлік спортшы Ислам Махачев Италияға сапары кезінде белгісіз адамдар оның сөмкесін ұрлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

34 жастағы спортшының айтуынша, сөмкесінде аса құнды заттар болмаған. Ең бағалысы – Хвича Кварацхелия сыйға тартқан бутсы болған.

"Италияға келдім, бірақ енді бұл ел ұнамай қалды. Құжатым мен әмияным өзімде қалды. Жақсы "ұрылар" паспортты қайтарып беріпті. Чемодандағы ең бағалы зат – Квараның бутсы еді, оны маған Чемпиондар лигасындағы ПСЖ-мен соңғы ойыннан кейін сыйлаған. Егер ұрылар футболға қызықпаса, қайтарып берсе болады. Уайымдамаңыздар, бәрі жақсы, дүрбелеңнің қажеті жоқ. Кілемше де орнында қалды, басқа ештеңе керек емес", – деді Ислам Махачев.

Айта кетейік, Ислам Махачев бұған дейін UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы болған, кейін басқа салмақ дәрежесіне ауысып, ол жақта да үздік атанды.

Бұған дейін еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады