Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2026 17:54 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде жапониялық Такаши Ишигуромен шеберлік байқасты.

Дәулетбеков үзіліске дейін бірнеше нәтижелі әдіс жасап, есепте 6:0 есебімен алға шықты.

Белдесудің екінші бөлігінде қарсыластар ұпай жинай алмады. Осылайша, Дәулетбеков Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Айта кетейік, бұған дейін 86 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев бахрейндік Хидир Сайпудиновқа жол берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: