Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 17:19 Сурет: olympic.kz
Көркем гимнастикадан Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 25 мамырда жекелей көпсайыстың финалы өтті. Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Айбота Ертайқызы 113,65 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Ал Ақмарал Ерекешева 111,90 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.

Алтын медаль Өзбекстан өкілі Тахмина Икромоваға бұйырды – 115,10 ұпай. Қола жүлдені оның отандасы Наталья Усова жеңіп алды – 112,40.

Айта кетейік, бүгін топтық көпсайыстың финалы да өтеді.

Еске сала кетсек, бір күн бұрын Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста күміс жүлдеге ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: