Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді
Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында командалық көпсайыста күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы есепке спортшылардың жекелей және топтық жаттығулардағы нәтижелері енгізілді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 263,65 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.
Бірінші орынды 265,8 ұпаймен Өзбекстан иеленсе, Қытай құрамасы 262,85 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.
Еске сала кетсек, Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан турнирде Қазақстан намысын жекелей сында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғауда. Ал топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Аида Хәкімжанова және Жасмин Жүнісбаева өнер көрсетіп жатыр.
Бұған дейін шағын футболдан Қазақстан құрамасы Албанияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалына жолдама алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript