Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Шағын футбол, Еуропа чемпионаты, Қазақстан, Венгрия, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2026 16:37 Сурет: freepik
Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Албанияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Албанияда шағын футболдан өтіп жатқан Socca European Championships жарысының жартылай финалында Қазақстан құрамасы мажарлықтарды ұтып кетті, деп жазады sportarena.kz.

Бірінші таймда қазақстандықтар екі доп салды. Гол авторлары - Темірлан Әділов пен Диас Егінжанов.

Үзілістен кейін қазақстандық команда 2:0 ұпай түріндегі артықшылығын сақтап қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы финалға жолдама алып, Сербия - Испания кездесуінің жеңімпазымен шешуші ойын өткізеді.

Бұл матч Астана уақыты бойынша бүгін, 24 мамырда сағат 23.00-де басталады.

Бұған дейін Эмиль Ахмеджанов Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: