Швейцария құрамасы араға 88 жыл салып алғаш рет футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті

Центральный стадион Алматы, Центральный стадион в Алматы, матч, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 12:37 Фото: Zakon.kz
Швейцария құрамасы 2026 жылғы 3 шілдеде өткен матчта Алжир құрамасын жеңіп, футболдан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Канададағы Ванкувер қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен швейцариялықтардың пайдасына аяқталды. Голдардың авторлары Бриль Эмболо мен Дан Ндойе болды.

Енді Швейцария құрамасы ширек финал жолдамасы үшін Колумбия – Гана жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Швейцария құрамасы 1938 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті.

Сондай-ақ Алжир құрамасының қақпасын аты аңызға айналған француз футболшысы Зинедин Зиданның ұлы Лука Зидан қорғағаны да көпшіліктің назарын аударды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: