Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты: Қазақстан Жапония құрамасына жол беріп алды

Үстел теннисі, командалық әлем чемпионаты, Қазақстан, Жапония  , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 18:57 Сурет: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1/8 финалда қазақстандық спортшылар Жапония құрамасымен кездесті.

Алғашқы ойында Кирилл Герасименко Сора Мацусиманы 3:1 есебімен жеңді.

Кейін Томоказу Харимото Алан Құрманғалиевтен 3:0 есебімен басым түсіп, есепті теңестірді.

Одан кейін Айдос Кенжіғұлов пен Сюнсүке Тогами өзара мықтыны анықтады. Бұл кездесуде жапониялық спортшы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Төртінші матчта Кирилл Герасименко Томоказу Харимотоға 0:3 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Жапония құрамасы жалпы есепте 3:1 нәтижесімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Қазақстан құрамасы жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады. Бұл - ұлттық құраманың командалық әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі.

Айта кетейік, Жапония ерлер құрамасы Токио Олимпиадасында командалық сайыста қола жүлдеге ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: