Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншіледі

Қазақстан, үстел теннисі, Ислам ынтымақтастығы ойындары, алтын медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 23:44 Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов командалық сайыста жеңіске жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Финалда отандастарымыз Иран құрамасын 8:1 есебімен тізе бүктірді.

  • Алан Құрманғалиев/Айдос Кенжіғұлов – Беньямин Фараджи/Сейедмохаммад Мусавитахер 2:1.
  • Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаи 3:0.
  • Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи 3:0.

Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев енді жекелей және жұптық сайыста сынға түседі.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ислам ойындарының финалына шыққаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: