Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі

Семсерлесуші, София Актаева, Ислам ынтымақтастығы ойындары, күміс медаль , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2025 22:35 Сурет: olympic.kz
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Финалда ол Түркия өкілі Алара Атмакамен кездесті. Тартысқа толы өткен айқаста 15:13 есебімен түркиялық спортшы жеңіске жетті.

Бұған дейін әйелдер күресінен Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: