Исламиада-2025: Ислам Евлоев күміс медаль иеленді

Ислам Евлоев, грек-рим күресі, Исламиада-2025, күміс медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2025 21:56 Сурет: olympic.kz
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ислам Евлоев Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 87 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Ислам шешуші белдесуде биыл 82 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған ирандық Голамреза Фарохимен күш сынасты.

Фарохи ақтық сында 6:0 есебімен жеңіске жетті. Евлоев жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Бұған дейін Үндістандағы Әлем кубогы кезеңінде қос боксшымыз қола медаль еншілегені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: