Үндістандағы Әлем кубогы кезеңінде қос боксшымыз қола медаль еншіледі
Сурет: olympic.kz
Боксшы Санжарәлі Бегалиев пен Әсел Тоқтасын Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде ел құрамасының қоржынына қос қола медаль салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Әсел Тоқтасын Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңін қола медальмен аяқтады.
Отандасымыз турнирді 80 келіден жоғары салмақта жартылай финалдан бастады. Әсел бұл кезеңде Өзбекстан өкілі Олтина Сотимбоевамен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша өзбекстандық боксшы жеңіске жетті. Ал Тоқтасын Әлем кубогын қола медальмен аяқтады.

Сурет: olympic.kz
Сондай-ақ Санжарәлі 80 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда Оладимеджи Шиттумен (Англия) жұдырықтасты. Нәтижесінде жерлесіміз қарсыласына жол беріп алды.
Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрбек Мұрсал Қырғызстан өкілін жеңіп, жартылай финалға өткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript