Қазақстандық спортшы бокстан Әлем кубогының жартылай финалына өтті

Қазақстандық спортшы бокстан Әлем кубогының жартылай финалына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2025 12:27 Сурет: Instagram/mursal_nurbek
Үндістанның Дели қаласында бокстан Әлем Кубогының финалдық кезеңі аясында ширек финалдық жекпе-жек өтеді. Онда қазақстандық спортшылар да бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалға жолдама алу үшін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан боксшысы Нұрбек Мұрсал мен Қырғызстан өкілі Ихтияр Нишонов алаңға шықты.

Екі спортшы да барын салып күресті. Дегенмен, тартысқа толы болған додада отандасымыз басымдық таныта білді. Осылайша, төрешілер үш раундтың қорытындысы бойынша жеңісті Қазақстан өкіліне берді.

Енді ол ширек финалда өнер көрсетеді.

Бұған дейін Талғат Жайлауовтың хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: