Қазақстандық бойжеткен конькимен жүгіруден Әлем Кубогында ерекше өнер көрсетіп, екі мәрте тұғырдан көрінді

Қазақстандық бойжеткен конькимен жүгіруден Әлем Кубогында ерекше өнер көрсетіп, екі мәрте тұғырдан көрінді , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 11:15 Сурет: nstagram/_shumekova_
Милан қаласында (Италия) конькимен жүгіруден жасөпірімдер арасында әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр. Онда қазақстандық спортшылар да бақ сынасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыста отандасымыз Кристина Шумекова 1000 (1:17.485 секунд) және 3000 метрлік (4:13.08) жарыста ешкімге дес бермей, екі алтын медаль жеңіп алды.

Күміс медальді 1000 метрде жапониялық Аяно Секигучи иеленді, қоланы польшалық Ханна Мазур қанжығалады.

"Ал 3000 метрлік қашықтықта Нидерланды спортшы Лике Хейзинк екінші болса, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді",- деліген ҚР ҰОК ақпаратында.

Бұған дейін Қазақстандық гимнасттардың Болгарияда тамаша ойын өрнегін көрсетіп, бірнеше медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: