Миланда конькимен жүгіруден өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан спортшысы екі алтын медаль еншіледі

Кристина Шумекова, Милан, конькимен жүгіру, Әлем кубогы кезеңі, алтын медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2025 09:53 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шүмекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

1000 метр

  1. Кристина Шүмекова
  2. Аяно Секигучи (Жапония)
  3. Ханна Мазур (Польша)

3000 метр

  1. Кристина Шүмекова
  2. Лике Хейзинк (Нидерланд)
  3. Цзяминь Цзян (Қытай)

Айта кетейік, нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста Дарья Важенина қола медаль иеленді.

Бұған дейін қазақстандық гимнасттар Болгарияда тамаша ойын өрнегін көрсетіп, бірнеше медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: