Санжарәлі Бегалиев Үндістандағы Әлем кубогының жартылай финалына өтті

Санжарәлі Бегалиев, бокс, Үндістан, Әлем кубогы, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2025 14:36 Сурет: olympic.kz
Үндістанның Дели қаласында бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға өтті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

1/4 финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсен Кимнен басым түсті.

Осылайша, Бегалиев кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-та Гран-при кезеңі басталғаны, ерлер арасындағы қысқа бағдарламада үшінші орынға тұрақтаған жерлесіміз Михаил Шайдоров еркін бағдарламада үздік екінші нәтижені көрсеткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: