Гран-при кезеңі: Михаил Шайдоров тарихи жеңіске қол жеткізді

Михаил Шайдоров, АҚШ, тарихи жеңіс, Гран-при кезеңі, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2025 09:48 Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында Гран-при кезеңі басталды. Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада үшінші орынға тұрақтаған жерлесіміз Михаил Шайдоров еркін бағдарламада үздік екінші нәтижені көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша отандық спортшы қорытынды кестеде бір жолға жоғары көтеріліп, жалпы 251,09 балл жинады.

Жеңіс француз спортшысы Кевин Эймозға бұйырды (253,53). Үшінші орынды жапондық Казуки Томоно місе тұтты (245,57).

Шайдоров тарихта екі рет Гран-при жеңімпазы тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы болып табылады. Енді Шайдоровтың активінде Гран-при бойынша жалпы есепте 24 ұпай бар.

Әзірге, ол жалпы рейтингте үшінші орында тұр. Егер қазақстандық үздік алтылық қатарындағы орнын сақтап қала алса, онда Гран-при финалына өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: