Михаил Шайдоров Гран-при финалының қысқа бағдарламасында алтыншы орынға ие болды
Сурет: olympic.kz
Нагоя (Жапония) қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан Михаил Шайдоров қатысып жатыр.
Қысқа бағдарламада отандасымыз бірнеше қателікке жол беріп, 71.30 ұпай жинады. Осылайша ол аралық есепте алтыншы орында тұр.
Жарыстың көшбасшысы - жапониялық Юма Кагияма (108.77). Екінші орында - Шун Сато (Жапония) - 98.06. Үшінші орынға АҚШ спортшысы Илья Малинин (94.05) жайғасты.
Айта кетейік, ерлер арасындағы еркін бағдарлама 6 желтоқсанда өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript