Қазақстан бокстан Әлем кубогының кезеңінде үш алтын медальға қол жеткізді

Қазақстан бокстан Әлем кубогының кезеңінде үш алтын медальға қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2025 11:45 Сурет: olympic.kz
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің финалына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алып, барлығы жеңіске жетті.

Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) италиялық Элен Лучия Аяримен жұдырықтасуға тиіс еді, алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартты.

Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін) финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловты жеңді.

Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін) өзбекстандық Акмолжол Исроиловтан басым түсті.

Айта кетейік, үшінші орынға Диас Молжігітов (75 келіге дейін), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) және Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: