Жазира Орақбаева бокстан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Жазира Орақбаева бокстан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2025 09:03 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Жазира Орақбаева Бразилияның Фос-ду-Игуасуда өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың финалдық бәсекесінде италиялық Элен Лусия Аяримен кездесуі керек еді. Алайда Италия спортшысы жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды.

Осылайша, Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) Әлем кубогының кезеңін алтын медальмен аяқтады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: