Бокстан Әлем кубогы кезеңі: Сұлтанбек Айбарұлы алтын медаль иеленді

Бокс, Әлем кубогы кезеңі, Сұлтанбек Айбарұлы, алтын медаль , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 21:05 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы бокстан Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сұлтанбек Айбарұлы чемпион атанды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Финалда отандасымыз Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдашевты жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал күміс жүлдегер атанған еді.

Сондай-ақ семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: