Бокстан елордадағы Әлем кубогы: қоржынына жетінші алтын медаль түсті

Бокстан елордадағы Әлем кубогы: қоржынына жетінші алтын медаль түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2025 22:06 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов елордада өтіп жатқан Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті.

Финалда Сабыржан Аққалықов болгариялық Рами Киванмен шеберлік байқасты. 

Қазақстандық боксшы жекпе-жек басталысымен-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Сабыржан Аққалықов чемпион атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтын медаль түсті. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін) және Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) чемпион атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: