Боксшы Сабыржан Аққалықов Әлем кубогының финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов елордада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сабыржан Аққалықов 75 келіге дейінгі салмақтың финалына шығу үшін Үндістан өкілі Никхил Дубейге қарсы айқасты.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Алайда, Сабыржан Аққалықов үшінші раундта басымдық танытып, жеңісті суырып алды.
Осылайша, отандасымыз Әлем кубогының алтын медалі үшін күреседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript