Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Сурет: olympic.kz
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Семсер қаруымен айқасудан құрамада ең жоғары нәтижені Нұржан Әбжанов көрсетті. Ол жарысты 22-орынмен аяқтады.
Берік Орынбасар 56-орынға, Нұрмұхаммед Балтабай 61-орынға, Нариман Уәлихан 71-орынға ие болды.
Ал Александр Шешин 103-орынға, Жанарбек Жанұзақов 138-орынға және Анварбек Бауыржан 179-орынға тұрақтады.
Командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға табан тіреді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript