Қазақстандық екі шпагашы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстандық екі шпагашы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 17:12 Сурет: olympic.kz
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшылары Швейцарияның Базель қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың ширек финалына дейін Богдан Лукин мен Кирилл Проходов жетті.

Бұл кезеңде Лукин Германиялық Оле Петерсонға есе жіберсе, Проходов ұлыбританиялық Тристан Люминьеден жеңілді.

Нәтижесінде Кирилл Проходов бесінші орынға ие болса, Богдан Лукин жарысты сегізінші орынмен аяқтады. Георгий Тинников 12-орынға тұрақтады, Нұржан Әбжанов - 129-шы, ал Алексей Касаткин - 144-ші орын алды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: