Қазақстан спортшысы әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль иеленді

Қазақстандық Виктор Друзин әртістік жүзуден Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы еркін бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсетті. Друзин 127,2000 ұпай жинады.
Екінші орынға грек спортшысы Мариос Критсас (126,6701 ұпай) орналасса, қола медальді Стылянос Фускис (Грекия) жеңіп алды – 123,9413 ұпай.
Айта кетейік, бұған дейін Эдуард Ким техникалық бағдарламада күміс жүлдегер атанған еді.
Бұған дейін бокстан 2025 жылғы Странджа кубогында Бекзад пен Сабыржан чемпиондық атаққа мерзімінен бұрын қол жеткізгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript