Эдуард Ким әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Эдуард Ким Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Алтын медальді 214,3966 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Ранжу Томблин жеңіп алды. Үздік үштікті 213,5992 ұпаймен испаниялық Жорди Иглесиас қорытындылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript