София Актаева семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды
Сурет: olympic.kz
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы рапирамен семсерлесу жарысында екінші орын алды.
Актаева жартылай финалда Қытай спортшысы Ху Бейниді 15:8 есебімен жеңді.
Ал финалда қазақстандық спортшы Ресей өкілі Стефания Часовниковамен кездесті. Нәтижесінде ресейлік семсерлесуші 15:11 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Софья Актаева Әлем кубогы кезеңін күміс жүлдемен аяқтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript