Әртістік жүзуден Әлем кубогі кезеңінде қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді

Эдуард Ким,  әртістік жүзуден Әлем кубогі кезеңі, алтын медаль, Париж , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 13:16 Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Эдуард Ким жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, ол  жекелей сында 204.3900 ұпай жинап, чемпион атанды.

Бұл - Кимнің әлем кубогіндегі жекелей  сында алған алғашқы алтын медалі. 

Күмісті италиялық Филипо Пелати (198.1749), қоланы америкалық Кеннет Гаудет (180.3716) еншіледі. 

2024 жылғы 5 мамырда қазақстандық спортшылар Эдуард Ким мен Нарғыз Болатова Парижде артистік жүзуден Әлем кубогының кезеңі аясында аралас командалар арасындағы жарыста жеңіске жеткені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: