Странджа-2025: Бекзад пен Сабыржан чемпиондық атаққа мерзімінен бұрын қол жеткізді

Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі спортшымыз мерзімінен бұрын алтын медаль иегері атанды. Олар - 86 келідегі Бекзад Нұрдәулетов және 75 келі салмақтағы Сабыржан Аққалықов.
Бұған дейін ерлер арасында финалға 14 спортшымыз шыққаны хабарланған. Ал финалда төрт кездесуде қазақстандық боксшылар бір-бірімен жекпе-жекке шығуы жоспарланған еді.
"Странджа халықаралық турнирі аясында 86 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық жекпе жек өткізілмейтін болды.Бекзат Нұрдәулетов жеңімпаз деп танылды. Сондай-ақ Тимур Нұрсейітов жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпайды. 75 келіде Странджа халықаралық турнирінің жеңімпазы - Сабыржан Аққалықов", делінген федерация хабарламасында.
Сонымен қатар 75 келі салмақтың финалында жолдары түйіскен отандастарымыз Тимур Нұрсейітов пен Сабыржан Аққалықов арасындағы жек-жек те өтпейтін болды. Нұрсейітов жарақатына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты. Осылайша 75 келіде «Странджа» халықаралық турнирінің чемпиондық атағына Аққалықов ие болды. Ал Нұрбек Оралбай мен Тимур Нұрсейітов күміс жүлдеге қол жеткізді.
Бұған дейін 2025 жылғы Странджа кубогы бәсекесінің финалына Қазақстан құрамасынан 21 боксшы шыққанын хабарлағанбыз.