Айбек Оралбай мен Бекзад Нұрдәулетов Странджа кубогын жеңіспен бастады

София (Болгария) қаласында бокстан халықаралық "Странджа кубогы" турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық Айбек Оралбай мен Бекзад Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
92 келіден жоғары салмақта сынға түскен Оралбай алғашқы раундта-ақ пәкістандық Тахир Вахабты нокаутпен жеңді.
Ал 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрдәулетов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы өзбекстандық Акмолжон Исроиловпен кездесіп, бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрбек Оралбай (86 келі) болгариялық Мануэль Жечевті жеңген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript