"Қан да болды, дау да болды". Бекзат Нұрдәулетов жартылай финалға шыға алмады
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрдәулетов пен Юлдошев 1/4 финалында кездесіп, жанкүйерлерге жан берісіп, жан алысқан нағыз жекпе-жекті сыйлады, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл жекпе-жекте қан да болды, дау да болды. Қаралық ойнаған Юлдошевтың жекпе-жек барысында екі ұпайы шегерілді де.
Қазылардың дауысқа салу нәтижесінде, 3:2 шешімімен өзбекстандық боксшы жеңіске жетті. Осылайша, Бекзат Нұрдәулетов турнирдің жартылай финалына шыға алмады.
Айта кетейік, Нұрдәулетов 2019 жылы әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген. Сондай-ақ, ол кәсіби рингте өнер көрсетеді. Нұрдәулетовтің қарсыласына келетін болсақ, Жасүрбек Юлдошев - Өзбекстан чемпионы және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының "алтын" иегері.