"Странджа" кубогі: Нұрқанат Райыс та жартылай финалға өтті
Сурет: sports.kz
Странджа кубогінің (Болгария) ширек финалында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Нұрқанат Райс өзбекстандық Алохон Абдуллаевпен өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұрқанат Райыс үшінші раундта екі рет нокдаунға ұшырады, алайда бұл төрешілердің қорытынды шешіміне әсер етпеді. Жеңіс Қазақстан боксшысы еншісінде, деп хабарлайды Sport.kz.
Осылайша Нұрқанат жартылай финалға өткен әрі кем дегенде қола медальдан үмітті Қазақстан құрамасының екінші боксшысы.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Оразбек Асылқұлов (57 келіге дейін) жартылай финалға шыққанын хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript