Нұрбек Оралбай лицензиялық турнирді сенімді бастады

Нұрбек Оралбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 19:05 Сурет: kazsports.kz
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Париж Олимпиадасының жолдамасы берілетін жарыста Ұлттық құрама спортшысы Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 80 келіге дейінгі салмақта лицензиялық турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Ол Гаити өкілі Седрик Белони-Дюльепреден басым түскен. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер қазақтандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Бұған дейін Сәкен Бибосынов, Римма Волосенко мен Сабырхан Махмұд бірінші кезеңнен сүрінбей өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: