Странджа-2025: Қазақстан құрамасынан 21 боксшы финалға шықты

Бокс, Странджа-2025, Болгария, София, Қазақстан құрамасы, финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2025 12:58 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
2025 жылы 2 наурызда Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық "Странджа кубогында" финалда қай боксшыларымыз бақ сынайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, жартылай финалда жұдырықтасқан 18 боксшының 14-і (ерлер құрамасы) финалға шықты.

Ерлер құрамасы:

  • 51 келі. Даниял Сәбит — Самет Гюмюш (Турция)
  • 54 келі. Тимур Қабдешов — Шахзод Музаффаров (Узбекистан)
  • 60 келі. Серік Теміржанов — Радослав Росенов (Болгария)
  • 63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
  • 67 келі. Төрехан Сабырхан — Заур Гахраманов (Азербайджан)
  • 71 кг. Абылайхан Жүсіпов — Фарух Тохтасынов
  • 75 келі. Сабыржан Аққалыков — Тимур Нұрсейітов
  • 80 келі. Ерасыл Жақпеков — Фазлиддин Эркинбоев (Узбекистан)
  • 86 келі. Нұрбек Оралбай — Бекзад Нұрдәулетов
  • 92+ келі. Айбек Оралбай — Джахонгир Зокиров (Узбекистан)

Әйелдер құрамасынан финалға шыққандар: 

  • 48 келі. Әйгерім Сәттібаева
  • 54 келі. Әнел Сақыш
  • 57 келі. Айдана Забынбекова
  • 60 келі. Римма Волосенко
  • 81 келі. Жібек Жарасқызы
  • +81 келі. Ләззат Күнгейбаева
  • +81 келі. Дина Исламбекова

Осылайша ерлер мен әйелдер құрамасын қоса есептегенде жалпы саны 21 боксшымыз алтын жүлдеге таласатын болады. Алдымен қыздарымыз алтын жүлдені (17-00) сарапқа салады. Ерлер арасындағы текетірес сағат 20-30-да басталады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: