Қазақстандық үш боксшы "Странджа кубогы" турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы "Странджа кубогы" турнирінің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 17:06 Сурет: olympic.kz
София (Болгария) қаласында бокстан халықаралық "Странджа турнирі" өтуде. Бірнеше қазақстандық боксшы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

86 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов француз Абулайе Траоремен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзат 5:0 есебімен жеңіске жетіп жартылай финалға өтті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ағылшындық Скотт Тигнмен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Өз кезегінде Айбек Оралбай да жартылай финалда өнер көрсететін болады. Ол ирландиялық Годстайм Идемудианы 5:0 есебімен жеңді.

Тағы бір қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов ағылшындық Патрик Хейвитті жеңіп, ширек финалға жолдама алды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: