Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2022 09:21 Сурет: Елена Рыбакина/ktf.kz
Қазақстандық үздік теннисші Чехияның Острава қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда Рыбакина (әлемдік рейтингте 26-орындағы) 2 сағат 1 минутта әлемнің 20-шы ракеткасы - чех теннисшісі Петра Квитованы 7:6(5), 6:4 есебімен жеңіп кетті.

Қазақстанның алғашқы ракеткасының келесі қарсыласы да Чехия өкілі. Барбора Крейчикова (23-орын) да 1 сағат 49 минутта америкалық қарсыласы Алисия Парксті (144-орын) – 7:6(7), 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: