Эмиль Ахмеджанов Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық гимнаст Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2026 21:01 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эмиль Ахмеджанов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық гимнаст еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.

Финалда Ахмеджанов 13,650 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды.

Күміс медальді өзбекстандық Хумоюн Исломов (13,600) иеленсе, қола жүлде моңғолиялық Энхтүвшин Дамдиндоржға (13,500) бұйырды.

Алтынхан Темірбек жарысты сегізінші орынмен аяқтады (12,500).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: