Нью-Йорктегі зират астынан 5,6 миллионға жуық тіршілік иесі табылды

Сурет: freepik
АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Итака қаласында орналасқан тыныш зират астынан таңғаларлық құбылыс анықталды — жер астында шамамен 5,6 миллион ара тіршілік етеді.

Ғалымдардың айтуынша, бұл – бұрын-соңды тіркелген ең ірі ара шоғырларының бірі. Daily Galaxy басылымының жазуынша, жәндіктер бұл аумақта бірнеше ондаған жыл бойы мекендеп келген.

Корнелл университетінің зерттеушілері зират аумағында кем дегенде 1935 жылдан бері тіршілік етіп келе жатқан Andrena regularis түріне ерекше назар аударған.

Көпшілік араларды ұяларда өмір сүреді деп ойлағанымен, бұл толық шындық емес. Ғалымдардың мәліметінше, АҚШ-тағы ара түрлерінің шамамен 70 пайызы жер астында, көбіне жеке-жеке тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың саны көп болса да, көзге бірден түсе бермейді.

2023 жылдың көктемінде зерттеушілер тобы алты апта бойы зират аумағында зерттеу жүргізіп, үлгілер жинаған. Нәтижесінде шамамен 6500 шаршы метр аумақта 5,56 миллион ара тіршілік ететіні анықталған. Зерттеу жетекшісі Брайан Данфорттың айтуынша, әдетте ара шоғырлары бірнеше жүз мың дарақтан аспайды.

Салыстыру үшін айтсақ, кәдімгі бір ара ұясында шамамен 30 мыңдай ғана ара болады. Ал Итакадағы жер асты популяциясы бұдан әлдеқайда тығыз әрі күрделі.

Ғалымдар бұған дейін Бразилияда әлдеқайда шағын аумақта шамамен 13,5 мың ара тіршілік ететінін анықтаған. Алайда бұл көрсеткіш Нью-Йорктегі жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Мамандардың айтуынша, зираттар жер астында ұя салатын аралар үшін қолайлы орта болып табылады. Себебі мұндай аумақтарда топырақ бұзылмайды және құрылыс жұмыстары сирек жүргізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Африкада да елестету қиын табиғи құбылыс тіркелген болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды