Ресейде бір үйдің үш мүшесі терезеден секіріп қаза тапты

Фото: pexels
Ресейдің Калининград қаласында 3 жасар бала мен 40 және 70 жастағы екі әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен анасы мен әжесі кәмелетке толмаған баланы тоғызыншы қабаттағы пәтер терезесінен лақтырып жіберген, кейін өздері де қаза болған.

Starhit басылымының жазуынша, қазіргі уақытта оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр, алайда әзірге ресми мәлімдеме жасалмаған. Қаза тапқандардың барлығы бір отбасы мүшелері екені белгілі.

«Калининградтың Ленинград ауданындағы үйдің терезесінің астынан 70 және 41 жастағы екі әйел мен бір баланың мәйіті табылды. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрған. Әжесінде шизофрения диагнозы болған. Бір нұсқа бойынша, алдымен бала терезеден құлаған, кейін екі әйел де қаза тапқан. Оқиға орнында тергеу комитеті жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жай анықталуда. Қылмыстық іс қозғалды», – деп жазады ресейлік БАҚ.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталу үстінде.

Бұған дейін Қытайда отшашу зауытында жарылыс болғанын жазғанбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін