АҚШ-та төрт жасар қызға күштеп ішімдік ішкізген, салдарынан бүлдіршін көз жұмды

Фото: unsplash
АҚШ-та дәрігерлер төрт жасар қызды өз үйінен ес-түссіз күйде тапты. Бүлдіршіннің қанында ішімдік мөлшері 0,680 промилле болған – бұл ересек жүргізуші үшін рұқсат етілген деңгейден сегіз еседен де жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Star басылымының жазуынша, баланың өліміне әжесі кінәлі деп танылған. 57 жастағы әйел немересін "тәртіпке салу" мақсатында спирттік ішімдіктің бөтелкесінде қалған қалдықты күштеп ішкізген. Себебі қыз бұрын сол бөтелкеден бір ұрттап қойған.

Сараптама нәтижесінде баланың ағзасынан көлемі 750 миллилитр, күші 40% болатын ішімдік анықталған. Бұл ауыр "жаза" кезінде баланың анасы да жанында болып, болған оқиғаға араласпаған. Осыған байланысты оған да "адам өлтірді" деген айып тағылды. Анасы сот алдында кейін жауап береді.

Алғашында әжесіне қасақана адам өлтіру бабы бойынша айып тағылғанымен, алқабилер оны абайсызда адам өлтіру бойынша кінәлі деп таныды.

Бұған дейін Ресейде бір үйдің үш мүшесі терезеден секіріп қаза тапқанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің ширек финалына шыққан балуандар анықталды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Грек-рим күресінен Германиядағы Гран-при турнирі: Қазақстан алты алтын медаль ұтып алды