Қытайда бұрынғы қос қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сурет: freepik
Қытай соты елдің қорғаныс саласының бұрынғы қос министрі болған Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфуды өлім жазасына кесті. Екеуіне де жемқорлық бабы бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, 7 мамырда әскери сот 72 жастағы Вэй Фэнхэн мен 68 жастағы Ли Шанфуды пара алғаны үшін кінәлі деп танып, өлім жазасына кесті. Сот шешімімен жазаның орындалуы екі жылға кейінге қалдырылды.

Сондай-ақ ол саяси құқығынан өмір бойына айырылып, жеке мүлкі толығымен тәркіленді. Екі жылдан кейін өлім жазасы орындалмай, заңға сәйкес өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылған жағдайда, ол өмірінің соңына дейін қамалады. Жаза мерзімін қысқартуға, мерзімінен бұрын босатуға болмайды.

Бұған дейін Пашинян Украина мәселесі бойынша Ресей СІМ өкілінің айыптауына жауап қатқанын жазғанбыз.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін