Таиланд туристерге арналған визасыз режимді қатаңдатуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Таиланд билігі туристердің визасыз болу мерзімін 30 күнге дейін қысқартуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді елдің сыртқы істер министрі Сихасак Фуангкеткеоу, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бұл шаралар визасыз режимді туристік емес мақсатта пайдаланып жатқан шетелдіктердің заңдағы олқылықтарды теріс қолдануын болдырмауға бағытталған.

"60 күн – тым ұзақ мерзім. Кейбір адамдар шынайы турист емес бола тұра, визасыз режимді заңсыз мақсаттарда пайдаланады. Біз бақылауды күшейткіміз келеді", – деді министр.

Thai PBS басылымының мәліметінше, бұл ұсыныс бұрынғы үкімет кезінде дайындалған, алайда сайлауға байланысты кейінге қалдырылған.

Сонымен қатар министр Таиланд визалық санаттарды қайта қарауы мүмкін екенін де атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі визалар тым көп және олардың бір бөлігін біріктіру қажет болуы ықтимал.

Айта кетейік, мамыр айының басында Бангкокта ресейлік туристің дәрігерге қаралғаннан кейін із-түзсіз жоғалып кеткені туралы оқиға да хабарланған еді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз